«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күнің құтты болсын, Мира!
Қайрат

Туған күнің құтты болсын, Мира!

09 июля 2025
/ 10:00
Бүгін «Қайрат» негізгі командасының әкімшісі Мирослав Приз 34 жасқа толып отыр.
Мирослав — Қазақстан футбол клубтарында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Ол кәсіби жолын 2016 жылы «Ақжайық» клубында бастап, кейін бес маусым «Атырауда» қызмет атқарды. 2022–2023 жылдары қайтадан «Ақжайық» сапында еңбек етсе, 2024 жылы «Бәйтерек» футзал клубында жұмыс істеді.
2024 жылдың шілдесінен бастап Мирослав «Қайрат» негізгі командасының әкімшісі қызметін атқарып келеді. Ол жаттығу құралдарын әзірлеу, киім-кешек дайындау және командаға жайлы жағдай жасау үшін тұрмыстық әрі логистикалық мәселелерді шешу сынды маңызды міндеттерге жауапты.
«Қайрат» ФК Мирославты туған күніне байланысты құттықтап, оған зор денсаулық, кәсіби табыс және командамен бірге жарқын жеңістерге жете берсін деп тілейді!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»