Бүгін «Қайрат» ФК-ның медиа-офицері және SMM-менеджері Арман Джаксыгулов 25 жасқа толып отыр.
2022 жылдың қарашасынан бері Арман клубтың медиа бағытына жауап беріп келеді. Жанкүйерлер көретін сұхбаттар, мәтіндер, бейнероликтер мен фотоесептердің басым бөлігі – оның күнделікті жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, ол бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, баспасөз жиындарын ұйымдастыруға атсалысады.
Клуб Арманды туған күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, кәсіби табыс, жұмысынан ләззат және «Қайратпен» бірге жарқын жеңістер тілейді!