Елордалық «Астананың» бас бапкері Роман Григорчук «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- «Астана» бүгін заңды әрі сенімді жеңіске қол жеткізді. Осы үшін бәрімізді құттықтаймын: басшылықты, қызметкерлер мен футболшыларды – бәрі де жарады.
- Қалай ойлайсыз, Деспотович ойын тағдырын өзгертті ме?
- Ойын тағдырын өзгертті дегеннен көрі, стратегиялық өте маңызды уақытта гол соқты деп айта аламын. Үзіліске 0:1 есебімен кету бөлек, 1:1 есебімен кету бөлек. Егер «Қайрат» бірінші таймнан кейін жеңімпаз ретінде кетсек әділетсіздік болар еді, бірақ біз де тамаша ойнадық деп айта алмаймын.
- Бүгінгі матчтағы төрелік туралы не айта аласыз?
- Төрелік туралы айтқым келмейді. Маған ұнамағаны түсінікті жағдай. Алдағы уақытта төрешілер бүгінгіге қарағанда жоғарырақ деңгейде қызмет атқарады деп үміттенемін.
- Твумаси әлі де командада емес. Ол туралы ақпарат бар ма?
- Ақпарат бар, бірақ ол әлі тура әлі толық емес. Сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын.