«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Рикарду Алвеш: Егер чемпион атанғымыз келсе, бұлай ойнамауымыз қажет
Қайрат

Рикарду Алвеш: Егер чемпион атанғымыз келсе, бұлай ойнамауымыз қажет

24 апреля 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Рикарду Алвеш клуб баспасөзіне, Қазақстан біріншілігінің 7-туры аясында «Тұранға» қарсы өткен матч туралы өз пікірімен бөлісті (0:1).

- Жеңіске жетуге тиісті матчта, есе жібергеніміз өте өкінішті. Жеңіске жетсек турнирлік кестеде бірінші орынға шығар едік. Ойында гол соғуға мүмкіндіктер болды, бірақ біз қарсыластың қорғанысынын бұзып-жарып өте алмадық. Жеңіліп қалғанымызға біз кінәліміз.

- Командаға жеңіске жету үшін, не жетпеді?

- Біз нашар ойын көрсеттік, бапкерлердің құрған жоспарын орындау жағынан қиындықтар болды. Алда біз осы ойында жіберген қателіктерді толық сараптап, талдап шығуымыз қажет, себебі біз чемпион атанғымыз келсе, бұлай ойнауға болмайды. Шын жүректен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз және аз уақыт ішінде сіздерді жақсы ойынымызбен қуантуға тырысатын боламыз.


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»