«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Рикарду Алвеш «Ақжайықпен» болған матчтан кейін (0:0) клуб баспасөз қызметіне өткен ойын туралы түсініктеме берді.
- Өкінішке орай, екі ұпай жоғалттық. Жеңіске мүмкіндіктер жасадық, бірақ гол соға алмадық. Бізде көп жұмыс бар және біз ойындарға дайын болу үшін жаттығуларда көбірек жұмыс істейтін боламыз. «Қайрат» – әр кездесуде жеңіске жетуге міндетті клуб.
– Кеше алаңға капитандық байлаумен шықтыңыз. Алған әсерлерің қандай? Капитандық байлау тағу сізге қосымша қысым жасады ма?
– Мен ешқандай қосымша қысым сезінбедім. «Қайрат» командасының капитаны болу мен үшін үлкен мәртебе. Маған бәсекелестік ұнайды, Мен тек жеңіс туралы ойлаймын және оны командаға беруге тырысамын.