«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы «Тобылды» жеңгені, соққан голы және алдағы Чемпиондар лигасы матчы туралы айтты:
— Матч туралы не айтасың? Ойынға дейін не күттің?
— Бұл матчтың өте қиын болатынын білдік. Қарсыласымыз мықты команда. Олар көптен бері жеңілмеген. Бірақ, менің ойымша, біз өте жақсы ойын көрсеттік. Бапкердің тапсырмасын нақты орындадық. Жеңіске лайық болдық.
— Екінші таймда алаңға шығып, гол соқтың. Сол сәтте не сезіндің?
— Шабуылшы ретінде әрқашан алаңға шыққанда гол соғамын деп үміттенемін. Командама көмектесе алғаныма өте қуаныштымын.
— Қазір өзіңді командада қалай сезініп жүрсің?
— Өте жақсы сезінемін. Жігіттер мені жылы қабылдады, клубтың инфрақұрылымы керемет. Әзірге 100 пайыз дайын емеспін, бірақ күн сайын жаттығып, командам үшін барымды салуға тырысып жүрмін.
— Алда — Чемпиондар лигасы. Қарымта матчта не күтесің?
— Бұл — мықты қарсыласқа қарсы үлкен ойын болады. Мұндай матчтарда жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Біз алаңда бар күшімізді салып, жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысамыз.