«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Әрі қарай «Хапоэль» өтеді
Қайрат

Әрі қарай «Хапоэль» өтеді

01 августа 2019
/ 11:00

 «Қайрат» – «Хапоэль» 1:1

Голдар: Раде Дугалич (40'), Раде Дугалич (63', АГ).

«Хапоэль»: Эрнестас Шеткус (В) - Шон Голдберг, Мигел Витор, Лоай Таха, Бен Биттон (К) - Эден Шамир, Давид Кельтинс, Маруан Кабха - Рамзи Сафури, Джимми Марин, Найджел Хассельбайнк.

Қосалқы құрамОад Левита (В) - Орен Биттон, Амит Биттон - Наор Сабаг - Бен Сахар, Нив Зрихан, Хосе Анхель Каррильо.

«Қайрат»: Стас Покатилов (В) – Дино Миканоович, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Қуат, Конрад Вржещиньский, Айбол Абикен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) - Адеринсола Эсеола.

Қосалқы құрамВладимир Плотников (В) - Сергей Политевич, Еркебұлан Туңғышбаев - Рамазан Оразов, Небойша Косович, Еркебұлан Сейдахмет - Мартон Эппель.

«Хапоэльге» қарсы матч ,әрине,  алматылықтардың шабуылынан басталды. «Сары-қаралардың» алдыңғы жағында Адеринсола Эсеола, Георгий Жуков және Бауыржан Исламхан әрекет етті. Тереңнен оларға Еркебұлан Сейдахмет көмектесіп, бірте-бірте оң жақ қапталдағы шабуылшының орнын алды. Жуков ортаға жылжып, ерекше шабуылдарымен қарсыластардың қорғанысын тығырыққа тіреді. Оныншы минутта «Қайратта» екі мәрте гол  соғатын мүмкіндік болды. Алдымен Раде Дугалич гол соғу керек еді, кейін «екінші қабаттан» Сейдахметте гол соғатын мүмкіндік болды. 27-минутта Мигель Витордың  басы «Хапоэльді» голдан құтқарып қалды. Ғафуржан Сүйімбаев қақпаға мықты соққы бағыттап, португалдықты нокдаунға жіберді.

Көптен күткен гол бірінші таймның негізгі уақытының аяқталуына бес минут қалғанда болды. Эрнестас Шеткустың айып алаңында болған жалындаған өрттен кейін Раде Дугалич допты қақпаға дөп тигізді. 23 мың жанкүйер жиналған «Орталық» қуана қолдарын көтерді. Осы толқынмен алматылықтар екінші голды салуға жүгіргенде, төреші ысқырықпен қожайындарды үзіліске тоқтатты.

Нокдауннан қалыпқа келе алмаған Мигель Витор ойынның екінші жартысын жалғастыра алмады. 55-минутта норвегиялық Ола Хоббер Нильсен Елдос Ахметовке екінші сары қағаз көрсетіп, Алексей Шпилевскийдің қарамағындағыларын  кемшілікте қалдырды. «Қайрат» он адаммен қысым көрсетіп ойынды жалғастырды. Ал қонақтар болса сирек шабуылдарға жүгіріп ойнағанды жөн көрді. Осындай шабуылдардың бірі біртүрлі эпизодпен аяқталды. Раде Дугалич офсайдта тұрған қарсыласпен күресте допты тоқтатып, төрешінің көмекшісі офсайдты белгілеп жалауша көтерді. Бас төреші көмекшісінің шешімін қабылдамай, ортаны көрсетті.

Алматылықтардың тәлімгері күреске Мартон Эппельді шығарды. Мартон Эппель алаңға шыққанына он минут болған кезде, Шеткусқа жойқын соққы жасап, қақпашы әзер дегенде  допты қайтарды. Финалдық ысқырыққа дейін алматылықтар гол соғатын мүмкіндік іздеп, қарсыластардың қақпасын соққылады, бірақ есепті ұлғайта алмады.  

Ысқырық, ойынның соңында Ғафуржан Сүйімбаевты алаңнан қуған төреші, теңде-тең есепті белгіледі. Әрі қарай «Хапоэль» өтеді.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»