«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Жасур Жалолиддинов - «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Жасур Жалолиддинов - «Қайрат» ойыншысы

10 февраля 2022
/ 06:00
Ресми: Жасур Жалолиддинов - «Қайрат» ойыншысы.

Жасурбек Жалолиддинов 2002 жылы 15-ші мамырда, Навои (Өзбекстан) қаласында дүниеге келген.
Алаңдағы негізгі позициясы - шабуылдаушы жартылай қорғаушы (оң қапталдағы).

Кәсіби мансабын 2018 жылы ташкенттік «Бунёдкор» сапында бастаған. 2020 жылы мәскеулік «Локомотив» сапына ауысқан болатын.
Кейінірек «Тамбов», «Андижан» және ташкенттік «Локомотив» командаларында өнер көрсеткен.

Өзінің кәсіпқой клубтық мансабында 59 ойын өткізіп, 6 гол соққан, 4 голдық пас авторы атанған.

Туған күні: 15 мамыр 2002 жыл
Бойы: 171 см
Салмағы: 63 кг
Позициясы: оң қапталдағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Өзбекстан 

Жасур біздің команда сапында жалға ойнайтын болады, сатып алу құқығы бар екенін де хабарлаймыз.
Келісім-шарт 2022 жылғы маусымның соңына дейін.

Қош келдің, Жасур!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»