«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Ян Вороговский «РВД Моленбек» сапына жалға берілді.
Қайрат

Ресми: Ян Вороговский «РВД Моленбек» сапына жалға берілді.

18 января 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубы және бельгиялық «Моленбек» ұжымы қорғаушы Ян Вороговскийдің жалға ауысымы туралы келісімге келді. Келісім-шарт мерзімі жарты жылға, және сатып алу құқығы бар екенін хабарлаймыз.

«РВД Моленбек» 1973 жылы «Роял Расинг Вайт» және «Даринг» командаларының бірігуі негізінде құрылған.
«Моленбек» 1970 жылдары бельгиялық үздік ұжымдардың бірі болған. 1974/75 жылғы маусымда Бельгия Чемпиондары атанған.
2020/21 жылғы маусымнан бастап Белгия біріншілігінің екінші лигасында, яғни Бірінші В дивизионында өнер көрсетеді, турнирлік кестеде 3-ші орынға табан тіреп тұр және жоғары лигаға шығуға мүмкіндігі бар.

«Қайрат» футбол клубы Янға «Моленбек» сапында табысты, әрі нәтижелі өнер көрсетуіне әрқашан тілектес!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»