«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Виктор Васин – «Қайрат» ФК-ның ойыншысы!
Қайрат

Ресми: Виктор Васин – «Қайрат» ФК-ның ойыншысы!

22 февраля 2022
/ 06:00

«Қайрат» футбол клубы ресейлік қорғаушы Виктор Васинмен келісімге келді.

Виктор Васин жанкүйерлерге мәскеулік ЦСКА сапындағы ойынымен танымал, аталмыш клуб сапында 3 мәрте Ресей біріншілігін жеңген, Ресей кубогының 2 дүркін жеңімпазы, әрі 2 рет Суперкубок иегері атанған.

Ресей Ұлттық құрамасы сапында 13 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

Васин петерборлық «Смена» клубының түлегі, мансабын артқы жартылай қорғаушы ретінде бастаған.

Бірақ «Спартак» Нальчик командасына ауыскан кезде орталық қорғаушы позициясына нақты тоқталған.

Кабардин-Балкариялық ұжымның сапында 2006-2010 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

Дәл сол «Спартак» сапында сәтті өнер көрсетуінің арқасында Ресей Ұлттық құрамасына шақырту алды, және белді ресейлік клубтардың назарына ілікті.

Васин ЦСКА клубын таңдауда қателеспеді, «әскерилер» сапында үлкен жеңістерге жетті.

Васин екі мәрте басқа клубтарға жалға ауысқан, 2014-жылы «Мордовия, 2016-жылы «Уфа» командаларында ойнады.

Ұлттық құрама жейдесінде 13 ойын өткізген, үш ойыны 2017-жылғы Конфедерация Кубогінде болған.

Виктор Васинмен келісім-шарт 2022 жылдың соңына дейін.

Туған күні: 6 қазан 1988 ж.

Бойы: 192 см

Салмағы: 83 кг

Позициясы: орталық қорғаушы

Азаматтығы: Ресей

«Қайратқа» қош келдің, Виктор!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»