«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

РЕСМИ ТҮРДЕ: Кирилл Колесниченко – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

РЕСМИ ТҮРДЕ: Кирилл Колесниченко – «Қайрат» ойыншысы

26 марта 2020
/ 11:00

«Қайрат» футбол клубы ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченкомен үш жылдық келісімшарт жасасты.

Кирилл Волгоград облысындағы шағын Камышин қаласында дүниеге келіп,  өсті. Он бір жасында ол Мәскеуге көшіп, «Чертаново» футбол мектебінде футболмен шұғылдана бастады. 2015 жылы ойыншы КФЛ клубтың ресми өтініміне енгізілді. Осылайша, Кирилл 15 жасында, сол кездегі Ресейдегі ең жас кәсіби ойыншы болды. Сол жылы ол U-16 Ресей құрамасына шақырту алды.

Колесниченконың кәсіби дебюті 2016 жылы Лиски қаласының «Локомотив» командасына қарсы өтті. 2018 жылы ол ресейлік Премьер-лигада «Оралға» қарсы ойында «СКА-Хабаровск» сапында дебют жасады. Хабаровскілік клубта Кирилл жалға алу құқығында ойнады. «Чертаново» клубына оралғаннан кейін хавбек прогресс жасауды тоқтатпады. 2018/2019 маусымында ол 30 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 голдық пас берді.

Дарынды жартылай қорғаушы шабуылда да, қорғаныста да пайдалы әрекет етіп, өз бойында тамаша дриблинг пен жылдамдықты үйлестіреді.

«Қайрат» ФК мен Кирилл Колесниченконың арасындағы келісімшарт үш жыл мерзімге есептелген.

Туған күні: 31 қаңтар 2000

Бойы: 182 см.

Салмағы: 79 кг.

Позициясы: Жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Ресей

«Қайрат» командасына қош келдің!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»