«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Раде Дугалич және Небойша Косович алматылық клубпен қош айтысты
Қайрат

Ресми: Раде Дугалич және Небойша Косович алматылық клубпен қош айтысты

10 февраля 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубы Раде Дугаличпен және Небойша Косовичпен еңбек шартын бұзу туралы келісімге келді.

Раде Дугалич «Қайрат» сапына 2019 жылы келіп қосылған болатын, 95 ойын өткізіп, 12 гол және 2 голдық пас авторы атанды.

Небойша Косович «сары-қаралар» сапына 2019 жылы қосылған, 72 матч өткізіп, 9 гол соғып және 9 голдық пас берген.

«Сары-қаралар» сапында өткізген үш жылдың ішінде, Дуги және Небо команданың жетістігіне зор үлес қосты, 2020 жылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы атандық және 2021 жылы клуб тарихында алғаш рет Еурокубоктардың топтық кезеңіне өттік.

«Сары-қаралар» отбасы аталған ойыншыларға үлкен алғыс білдіреді және алдағы уақытта мансаптарына тек сәттілік тілейді!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»