Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайрат» футбол клубына қатысты жалған ақпарат таратылуда.
Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. «Қайрат» ФК жұмысы бұрынғы режимде жүргізілуде және қазіргі уақытта барлық күш 15-қазанда сағат 17:00-де Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтетін 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатының 23-ші турына, «Астана» ФК-на қарсы ойынға дайындалуға бағытталған.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтініне тағы да назар аударамыз. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.