Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында клубтың бюджеті мен команда ойыншылары туралы хабарламалар пайда болды.
«Қайрат» футбол клубы ресми түрде клубтың бюджеті өзгеріссіз қалады, ағымдағы құрамның барлық ойыншылары демалыста және келесі маусымдағы құрам оқу-жаттығу жиындарынан кейін анықталады деп мәлімдейді.
Жанкүйерлерді және БАҚ өкілдерін Алматы клубының сайтындағы және әлеуметтік желілеріндегі ресми ақпаратқа назар аударуларыңызды сұраймыз.
«Қайрат» ФК баспасөз қызметі