«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Камо Оганесян – «Қайрат» ойыншысы
Қайрат

Ресми: Камо Оганесян – «Қайрат» ойыншысы

11 января 2020
/ 12:00

«Қайрат»  футбол клубы Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесянмен келісімшарт жасасты.

Оганесян – «Пюник» армян футбол клубының тәрбиеленушісі. Жартылай қорғаушының кәсіби дебюті 2009 жылы аталған «Пюник» құрамында өтті. Еревандық клубта Камо Оганесян екі жүзден астам матч өткізіп, 32 гол соқты.

2017 жылы Оганесян «Торпедо-БелАЗ» командасымен келісімшартқа қол қойды. Беларусь Премьер-лигасында өнер көрсететін Жодинолық  клубта Камо 30 матч өткізіп, төрт гол соқты.

Армения ұлттық құрамасының құрамында, сондай-ақ шеткі қорғаушы позициясында ойнай алатын әмбебап жартылай қорғаушы, 2012 жылы Канада мен Сербияға қарсы жолдастық кездесулерде дебют жасады. Қазіргі таңда Оганесян құрама үшін 50 матч өткізді.

Соңғы екі маусымда Армения құрамасының ойыншысы «Жетісуда» өнер көрсетті. Талдықорғандықтар құрамында 58 ойын өткізіп, алты гол соғып, жеті голдық пас берді.

«Қайрат» ФК-мен Камо Оганесян арасындағы келісімшарт екі жылға есептелген.

Туған жылы: 5 қазан 1992

Бойы: 177 см

Салмағы: 70 кг

Позициясы: Жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Армения

«Қайрат» командасына қош келдің!


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»