«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: «Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды.
Қайрат

Ресми: «Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды.

13 января 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды.

Алматылық ұжым ішкі кадрларды дамыту стартегиясын ұстанады.

Гавриленко Артем Анатольевич «Қайрат» ФК академиясының директоры болып тағайындалды.

Гавриленко Артем футболдағы мансабын 2001-ші жылы, Өскемендік «Восток» ФК-да бастаған. 11 жыл бойы Қазақстан Премьер Лигасында және Бірінші Лигада өнер көрсетті, Артем Анатольевич бапкерлік мансабын «Қайрат» ФК-ның Академиясында 2014 және 2016 жылдарда бастаған болатын.
Кейін, түрлі маусымда Академияның 2003 және 2005 жылғы түлектерді жаттықтырып, жергілікті және халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды.
Қазақстан U15 жасөспірімдер құрамасында ассистенттік қызметте болып, Ереван қаласында өткен, UEFA «Даму Кубогіның» жеңімпазы атанған.

Кирилл Сергеевич Кекер Ресей біріншілігі, Ұлттық футбол лигасының екінші дивизионында өнер көрсететін «Қайрат-Мәскеу» командасының бас бапкері ретінде тағайындалды.

Кирилл Кекер - «Қайрат» ФК Академиясының ең үздік бапкерлерінің бірі.
2017 жылғы маусымда Кекер шәкірттері 2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен, ҚР біріншілігінің алтын жүлдесін ұтып алды. 
Нұрлан Қаппаров атындағы жарыста, бір жас жоғары қарсыластармен ойнап, турнир жеңімпазы атанған.
Валенсияда өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері, және Сергей Квочкин атындағы Кубоктың иегерлері атанған.
2019-2020 жылғы маусымда Алексей Шпилевскийдің ассистенті болды, негізгі командамен ел біріншілігін жеңді.
2021-жылы Алексей Шпилевский өз орнын босатқаннан кейін бас бапкер қызметін атқарушы маман ретінде тағайындалды.
Ендігі кезекте Мәскеулік ұжымды биік белеске шығаратынына сенімдіміз.

Евгений Валерьевич Коструб жаңа маусымда негізгі команданың бапкерлік құрамына енеді.

Евгений Валерьевич Коструб  Панфилов елді мекенінде орналасқан спорт мектебінде футболмен шұғылдана бастады. 9-шы сыныпты тәмамдағаннан кейін, Алматыдағы интернатқа, нақтырақ айтсақ олимпиядалық резерв мектебіне ауысқан.
1999-2000 жылдары ЦСКА-«Қайрат» сапында ойнады.
Мансабының көп бөлігін Қазақстанның жоғарғы лигасындағы белді клубтарында өткізді. 2009 жылғы Қазақстан Кубогіның иегері.

2020-2021 жылдары, Евгений Валерьевич «Қайрат-Жастар» командасының бапкері болды. 2021-2022 жылдары «Қайрат-Мәскеу» ұжымының бас бапкері қызметін атқарды. 

Мамандарымызға жаңа жұмыстарына сәттілік және үлкен жеңістер тілейміз!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»