«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ресми: Адеринсола Хабиб Эсеола – «Қайраттың» ойыншысы
Клуб жаңалықтары

Ресми: Адеринсола Хабиб Эсеола – «Қайраттың» ойыншысы

06 июня 2018
/ 00:00

«Қайрат» ФК украиналық «Звезда» клубынан шабуылшы Адеринсола Хабиб Эсеоланың трансфері сәтті аяқталғанынан хабарлайды. Ойыншының мансабы Житомирде басталған, Хабиб мұнда «Полесье» сапында ойнады. 2004 – 2008 жылдар арасында ол киевтік «Арсеналдың» спорт мектебінде тәлім алды.

2009 жылы шабуылшының кәсіби мансабы басталды, сол кезде ол киевтік «Динамоға» шақырту алған. 2009 жылы 14 қазанда 18 жасында ол «Деснаға» қарсы жолдастық ойында «Динамоның» негізгі командасы сапында дебютін өткізді. 2010-2013 жылдар арасында италиялық D Сериясында доп тепті. 2014 жылы Украинаға оралып, 2017 жылға дейін украиналық төрт түрлі клубтың намысын қорғады. Украинаның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында ойнаған.

2018 жылыдң қаңтарында ол қазақстандық «Ақжайық» клубына жалға берілді. Қазақстан Премьер-лигасы бірінші айналымының қорытындысы бойынша Адеринсола 8 гол соғып, Патрик Твумасимен бірге ел чемпионатының сұрмергендер тізімінде көш бастады. Ойыншымен келісімшарт бір жарым жылға жасалды, кейін оны тағы бір жылға созуға болады.

Туған күні: 28 маусым1991 ж

Бойы: 188 см
Салмағы: 80 кг
Позициясы: шабуылшы

Азаматтығы: Украина

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»