«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев футболдан Қазақстан Чемпионатының 9-турында «Қызыл-Жарға» қарсы өткен ойын жайлы өз пікірін білдірді (1:1).
Ойынға құрған жоспарымыз, алғашқы минуттағы қызыл қағаздың кесірінен іске аспай қалды. Қарсы шабуылға негізделген ойын стильіне ауыстық.
Алаңнан ойыншы қуылғаннан кейін, екі команда да гол соғып кете алатын ойын болды, бірақ ойын тең аяқталды.
Жалпы нәтиже қанаттанарлық болды деп ойлаймын, жас жігіттерімізде мінез қалыптасып келеді.
Ойын қиын болды, командадағы жас ойыншыларға қолдау қажет. Артур Шушеначев бүгін жалғыз өзі, үш қорғаушыға қарсы ойнады. Өз жұмысын жақсы атқарды, 100 пайыз бар күшін салып ойнады.
Жарақат мәселесіне келер болсақ, Хоседе бұлшық ет жарақаты бар. «Атырауға» қарсы ойынға дайын болуы мүмкін.
Яцек болса, «Тұранға» қарсы ойында, алаңға шығып, жарақатын ауырлатып алды.Барлық кінә менен болды, алаңға шығармауым керек еді.
Давид Экве «Қайрат-Жастар» сапында тізе жарақатын алып қалды. Яцек Польшада ота жасатты, енді ептеп жаттығу жасап жүр. Давид жас әрі талантты ойыншы, болашақта командаға көмектесеріне сенемін, - деп сұхбат берді.