«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев матчтан кейінгі баспасөз маслихатында, «Тобылға» қарсы өткен кездесу жайлы өз пікірін білдірді (2:2).
- «Тобылмен» болған кездесу тартысты әрі қиын болды десем болады. Неліктен десеңіз, бірінші кезекте, қарсылас команданың сапында жоғары деңгейлі ойыншылар көптеп жиналған. Былтырғы маусым чемпиондары екенінде атап өткен жөн.
- Жас ойыншыларымыздың толқынысы және қателіктер жіберуі «Тобылдың» бізден бір бас жоғары тұруына әсер етті. Әсіресе ойынның екінші бөлімінде.
- Андрей Ульшин орталық қорғаушы позициясында жақсы ойнады. Өкінішке орай, Яцек Гуральскийдің жарақаты бар және белгілі бір уақыт аралығында ойынға қатыса алмайды.