«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан біріншілігінің 7-турындағы «Тұранға» қарсы өткен ойын туралы өз пікірін білдірді.
- Өзіміз болжағандай, ойын қиын болды. Біз қолымызда бар құраммен ойнап келеміз. Шабуылға шығу жөніне келетін болсақ, психологиялық жағдай төмендеу екені сезіледі. Кантенің орыны ойсырап қалды, ол жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Яцек алаңға, толыққанды дайын болып шыққан жоқ. Швыревтің ауысып шығып, жақсы ойын көрсеткенін атап өткім келеді.
- Жақын арада «Қайрат», шабуылға көбірек ден қоятын командаға айналуы мүмкін бе?
- Егер құрамда тағы бір орталық қорғаушы болса, әрине біз төрт қорғаушымен ойнар едік. Сіздер ОЖЖ-да көргендеріңіздей, біз төрт қорғаушы жүйесімен ойнадық. Баньяк алаңға оралып, Васин екеуі бірге ойнай алады. Бізде шабуылдаушы ойыншылар өте көп, көбі қосалқы құрамда отыр. Бірақ қазір қорғаныс шебінде жастар ойнап жүр, бізге бірінші пас жетіспейді - бұл өте маңызды.