«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев футболдан ҚР Біріншілігінің 3-турында «Таразға» қарсы өткен ойын жайлы өз ойымен бөлісті.
- Құрбан Бекиұлы, «Қайраттың» ойынына қандай баға бересіз?
- Біз ойлағандай, қиын ойын болды. Кейбір ойыншыларымыз жарақаттанып қалды. Алықұлов өз позициясында ойнамады. Жастар жалпы жақсы ойнады. Егер Баньяк қатарда болғанда, біз басқа жүйе бойынша ойнайтын едік, яғни төрт қорғаушымен.
- Жалолиддинов жайлы айтпа кетсеңіз, неліктен оны алмастырдыңыз?
- Жасурда қысым мен қобалжу болды, десем болады. Жасурдың таланты мен шеберлігі өте жоғары ойыншы, ол шеберлігінің 50%-да көрсете алмады. Иа, қобалжу болды, бірақ алдағы уақытта ол бұдан да жақсы ойнайды деп айта аламын