«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан біріншілінінің 8-турында «Ордабасыға» қарсы өткен ойын туралы өз пікірін білдірді (1:2).
-Менің ойымша, біз бүгін жеңіліске лайық болмадық. Кей сәттерде, шабуылды сәтті түйіндеу мүмкін болмады және қарсылас қақпашысы жақсы ойнағанын да айта өту керек. Ойыншылар алаңда бар күшін салып өнер көрсетті. Алда енді, «Қызыл-Жар» командасына қарсы кездесуге дайындаламыз, қателіктерді сараптап, дұрыс шешім қабылдаймыз деп ойлаймын