«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Құрбан Бекиұлын мерейтойымен құттықтаймыз!
Қайрат

Құрбан Бекиұлын мерейтойымен құттықтаймыз!

25 августа 2022
/ 06:00

Бүгін, 25 тамызда, «Қайрат» футбол клубының аңызы, бұрынғы ойыншысы мен бапкері Құрбан Бекиұлы Бердыевтың туған күні.

Футболшы кезінде Құрбан Бердыев жартылай қорғаушы, кейде қорғаушы позициясында ойнаған.

1997, 1981-85 және 1993 жылдары Бердыев «Қайрат» ФК намысын қорғаған. «Сары-қаралар» сапында 175 матч өткізіп, 34 гол соққан.

Ол бапкер ретінде мансабын Жамбылдағы «Химикте» бастаған. Кейіннен «Қайратта» Бақтияр Байсейітовтің көмекшісі ретінде команда тарихындағы алғашқы чемпион титулына қол жеткізген. «Қайраттан» соң, Құрбан Бекиұлы түріктің «Генчлербірлігін» жаттықтырған. Бірақ 1994 жылы алматылықтардың бас бапкері атанды. Бір жылдан кейін «Қайраттан» кетіп, басқа клубтарда сәтті қызмет етті.

2021 жылы Құрбан Бердыев Қазақстанның оңтүстік астанасына оралып, бақылау кеңесі төрағасының қызметшісі болды. Бірнеше айдан соң, команда тізгінін қолға алып, бас бапкер ретінде 2021 Қазақстан кубогын ұтып, УЕФА конференция Лигасының топтық кезеңіне шықты.

2022 жылдың маусымында Бердыев «Қайраттағы» жұмысын аяқтады. Қазір тәжірибелі маман Ирандағы «Трактор» клубын жаттықтырады.

«Қайрат» футбол клубының үлкені жанұясы Құрбан Бекиұлын шын жүректен мерейтойымен құттықтайды! Біз Құрбан мырзаға және оның жақындарына зор денсаулық, ұзақ өмір мен жарқын жеңістерді тілейміз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»