Алматылық «Қайраттың» жас жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Петропавлдағы кездесудің нәтижесі мен Қазақстан кубогының финалына дайындық туралы айтты.
- Мұндай нәтиженің себебі неде екенін дәл айту қиын. Менің ойымша, кей тұста қарсыластың жолы болды. Бірінші таймда-ақ есепті еселеуге мүмкіндік болған еді, бірақ, өкінішке қарай, қолдан келмеді.
- Қазір бірінші орынға кубок финалына дайындық қойыла ма әлде чемпионатта жеңіске жету де маңызды ма?
- Иә, қазір бапкерлік штаб құрамды кубокқа дайындап жатыр, бірақ, әрине, әр ойында жеңіске жетуіміз керек.
- Маусым бойы команда финал дейін қазақстандық жас футболшылармен ойнады. Матчтан не күтесіз?
- Менің ойымша, ойын қызық болады. Әрине, кубокты жеңіп алу үшін бар күшімізді саламыз.
- Қазір команда көбіне қазақстандық жас құраммен өнер көрсетіп жатыр. Сен үшін өзіңді алаңда байқатып, бапкерлік штабқа көрініп қалу қаншалықты маңызды саналады?
- Әрқайсымыз үшін бұлд өзіміздің неге тұратынымызды көрсетуге мүмкіндік, әсіресе, қазір алаңға шығып, өздерін көрсетуге мүмкіндік алған жас ойыншыларға. Бұл клуб үшін ойнауға және күресуге деген қосымша ынта береді.
Мен үшін бұл басы ғана, себебі бұл менің чемпионаттағы алғашқы ойыным. Әрине, нәтиженің осындай болғаны өкінішті, бірақ бұл маған тек көмегін тигізеді деп ойлаймын.
- Сонымен қатар, команда елордаға қонаққа барады. Астанадағы үлкен матчты күтіп жүрсіз бе?
- Астанада қызық ойын болады. Өзіміз бен жанкүйерлеріміздің алдында ақталуымыз үшін жеңіске жету қажет.