Бүгін Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының жиыны басталды.
Футболшылар ел құрамасының жаңа бас бапкері, болгариялық маман Станимир Стойловтың жаттықтыруымен алғашқы жаттығуын өткізді. Ертең бапкерлік штаб пен ойыншылар Будапештке аттанып, Венгрия (23 наурыз) мен Болгария (26 наурыз) құрамаларына қарсы алдағы матчтарға дайындығын жалғастырады.
«Қайрат» сапынан құрамаға мына футболшылар шақыртылды: Владимир Плотников, Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат және Магомед Парагульгов.
Фото: ҚФФ