«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Құралбек Ордабаев әлем қақпашылары құрамасында ойын өткізді
Клуб жаңалықтары

Құралбек Ордабаев әлем қақпашылары құрамасында ойын өткізді

05 ноября 2019
/ 12:00

«Қайраттың» аты аңызға айналған қақпашысы Лев Яшиннің 90 жылдығына арналған гала-матчқа қатысты. Оның командасына белгілі әртістер қарсы тұрды.

Әрине, «Лев Яшин» деп аталатын әлем қақпашылары құрамасына Лев Яшиннің КСРО құрамасында әріптесі болған Анзор Кавазашвили, Қазақстан футбол тарихындағы ең үздік қақпашы Құралбек Ордабаев, әлемнің үздік қақпашысы 1988 Ринат Дасаев, Александр Филимонов, Руслан Нигматуллин, Войцех Ковалевски, Юрий Курбыка, Николай Гонтарь, Яшиннің немересі Василий Фролов және т.б. кірді. 

«Лев Яшин» командасына Михаил Боярский, Дмитрий Маликов, Виктор Зинчук, Денис Майданов, Алексей Дмитриев және басқа да көптеген мәдениет қайраткерлері қарсы тұрды.

Достық кездесу 7:3 есебімен белгілі голкиперлерден құралған команданың пайдасына аяқталды. Бірінші голды Лев Иванович Яшиннің немересі Василий Фролов соқты.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»