КСРО спорт шебері әрі Халық командасының ардагері Құралбек Ордабаев «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Жасөспірімдер Академиясының тәрбиеленушілерімен кездесу жайында әсерімен бөлісті.
- Қазір академияларда ойнап жүрген балалардың қазіргі буыны алдағы жылдары қазақстандық футболда толған, көбіне кетіп жатқан шығындарды ақтамайтын легионерлерге бәсекелес болуы тиіс, - дейді «Қайрат» ФК-ның бұрынғы қақпашысы, қазіргі ардагері Құралбек Ордабаев. – Кездесу барысында жас ойыншылар үшін шетелден келіп жатқан легионерлерден шеберлік бойынша қалып қоймау маңызды екенін түсіндіруге тырыстық. Сонымен қатар, дайындық процесіндегі тиянақты жұмыс жас отандастарымызға «Қайраттың» негізгі құрамынан орын сыйлап қана қоймай, мансаптарын жоғары деңгейдегі шетелдік командаларда жалғастыру мүмкіндігіне жол ашады. Бүгінде «Қайрат» басқа клубтарға үлгі болып, біліклі резервті жүйелі дайындау үшін барлық жағдайды жасады, сондықтан тәрбиеленушілеріміз үшін трансферлік нарық оң жағына қарай ауысатын күн алыс емес. Әрине, жаттығу кезінде таңнан кешке дейін жұмыс істеп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер ғана шынайы бағаланады. Табысқа жетудің басқа жолы жоқ.