«Қайрат» футбол клубы, Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский алматылық клубтан кеткенін хабарлайды.
Яцек «Қайрат» сапына 2020 жылы қаңтар айында қосылды. Сол уақыттан бері Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчқа қатысып, соның ішінде 4 ойын УЕФА Конференция Лигасы аясында өткізген.
2020 жылы Гуральский «Қайрат» сапында Қазақстан біріншілігін жеңіп алды, бір жыл өткен соң ел Кубогының иегері атанған болатын.
«Сары-қаралардың» үлкен отбасы Яцекке шын жүректен алғыс білдіреді. Тамаша ойын көрсетіп, команданың көшбасшысы бола білді. Алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!
Рахмет Яцек! Dziękuję Jacek!