«Қайрат» футбол клубы және команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісім шарт мерзімін, уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлайды.
Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді.
Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында алматылық клуб жейдесінде 160 ойын өткізген.
90-жылдардың басында, Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде «Қайратты» баптады, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды.
2021 жылы Бердыев Алматылық клубқа қайта оралды, алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. «Сары-қаралар» Бекиевтың баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
«Қайрат» футбол клубы Құрбан Бекиұлына және көмекшілеріне, атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы уақытта тек сәттілік тілейді!