«Қайрат» бас бапкері «Тұранды» жеңгені жайлы айтты:
— Барлық жанкүйерді, футболшыларды және клуб ұжымын «Тұранға» қарсы өте маңызды ойында жеңгеніне байланысты құттықтаймын. Біз үшін үш ұпай алу өте маңызды болды, сондықтан біз қуаныштымыз. Қазір біз еурокубок матчтарын ойнайтындықтан, құрамда біраз ротация жасап, жас ойыншыларға мүмкіндік бердік. Алда үш күн уақытымыз бар. Сапарға және көптен күткен еурокубок матчына дайындаламыз. Бұл матчты тағатсыздана күтіп отырмыз.
— Чемпиондар лигасы жақындап қалғанын және «Тұранның» турнирлік кестедегі орнын ескерсек, бұл матч команда үшін бір жағынан жаттығу ойыны болған жоқ па?
— Жоқ, олай болған жоқ. Керісінше, ойыншыларды осы матчқа барынша дайындауға тырыстық. Шынын айтсақ, бұл бір заңдылық сияқты. Біз көбіне турнирлік кестенің төменгі жағындағы командалармен ойнағанда ұпай жоғалтып жатамыз. Бұл ойыншыларымыздың психологиясынан болар, не қарсылас бізден гөрі көбірек жеңіске ынталанатын шығар. Біз бұл жайында ойыншылармен сөйлестік. Ешбір жағдайда қарсыластан ынта мен құлшыныс жағынан кем болмау керегін айттық. Жігіттер алғашқы минуттардан-ақ ойынды өз қолына алып, шабуылда белсенді болды. Иә, оңай болған жоқ, себебі қарсылас жақсы қорғанды. Дегенмен біз жолын тауып, гол соқтық. Бәрі жоспар бойынша өтті.