«Қайрат» бас бапкері Премьер-лиганың 18-турында «Тобылды» жеңгені туралы айтты:
— Бұл ойынға өте мұқият дайындалдық. Себебі «Тобыл» — өте мықты команда. Олар ұзақ уақыт бойы жеңілмей келе жатты. Маусымның алғашқы айналымында оларды біз ғана жеңе алдық. Бұл жолы да оңай болған жоқ. Қостанайда жауын жауып, алаң екі команда үшін де ауыр болды. Жігіттерге үлкен алғыс айтқым келеді. Олар жүз пайыз күшін салып, келісілген тапсырмаларды толық орындады. Жігіттер жарады! Барлық эпизодта жанын салып ойнады. Жеңіске толықтай лайық болдық деп есептейміз. Қазір ең маңыздысы — қалпымызға келу. 72 сағаттан кейін бізді «КуПСқа» қарсы өте маңызды матч күтіп тұр. Сол ойынға бар күшімізді саламыз. Осы сәтті пайдалана отырып, жанкүйерлерімізді стадионға шақырғым келеді.