«Қайрат» бас бапкері «КуПС»-ты жеңгені туралы айтты:
— Бәлкім, матчқа дейін көбі бізге сенбеген шығар. Әсіресе, алғашқы ойынымыздан кейін. Шын айтсам, жігіттермен бірге өткізген бұл кезең қиын болды. Көп сын айтылды, көп негатив болды. Бүгін бәріміз жеңістің дәмін таттық. Әрине, бұл — жігіттердің еңбегі. Олар — нағыз ерлер. Бізге бағытталған сынның негізсіз екенін дәлелдеді. Біреулер қарсылас әлсіз деп ойлаған болса, мен 46 жастамын, 36 жылымды футболға арнадым. Бірдеңе түсінетін шығармын. Ал ондай пікір айтқандар, доп пен сәбізді айыра алмайтындар деп есептеймін.
Жігіттер бізде нағыз команда барын, әлеуетіміздің зор екенін дәлелдеді. Бізді жамандағанның бәрінің сөзін жоққа шығардық. Бірақ бұл нағыз жанкүйерлерге қатысы жоқ. Олар бізге әрдайым сеніп, алғысын айтып, қолдауын білдіріп келді.
Иә, алғашқы ойын біз үшін сәтсіз өтті. Екі гол жіберіп алдық. Бірақ бүгін күшті қолдап жатқанда жаман ойнау мүмкін емес еді. Бәрі соңына дейін күресті. Бүгін жеңіске толықтай лайық болдық. Біз бұл жеңіспен тек жанкүйерлерімізге емес, бүкіл қалаға, бүкіл Қазақстанға мереке сыйладық деп ойлаймын. Осындай ойындар — футболдың сәні. Дәл қазір Қазақстан футболына қатысты теріс пікірлер көп екенін ескерсек, бізде мұндай керемет футбол көп бола бермейді. Стадион толып, жанкүйерлер қолдағанда бұндай матч бәріне қуаныш сыйлайды. Мұндай атмосферада ойнаған жақсы. Жанкүйерлерге көп рақмет. Бұл матчта олардың да үлесі зор.
Негізгі еңбек — футболшылардікі. Сұрағанымыздың бәрін, олармен келіскеніміздің бәрін орындады. Бар күшін салды.