«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич «Астанаға» қарсы матчқа өз пікірін білдірді.
- Раде, «Астанамен» болған матчқа қандай баға бересің.
Барлық команда барын салды. Барлығы көп эмоция жұмсады. Бұл ауыр ойын болды. Бірінші таймда біз қарсыластан әлдеқайда жақсы ойнадық, бірақ алыс қашықтықтан гол жіберіп алдық. «Астана» өзінің алғашқы сәтін ақ жүзеге асыра алды. Екінші жартысында алаңға гол соғуға дайындалып шықтық. Екінші голды жіберіп алғаннан кейін одан да мықты күшпен шабуылға шықтық. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рахмет. Әрине, мұндай матчта жеңілген кезде өзіңді жаман сезінесің. Барлығының көңілі түсті. Бірақ бізге әрі қарай жылжу керек. Бұл матчты ұмытып, келесі матчқа дайындалу керек.
- Өз голыңның қалай соғылғанын айтып берші.
- Стандартты жағдай, мен тұруға тиіс жерде болдым. Осының бәрін біз жаттығуларда жаттығамыз. Мен гол соғатын дұрыс позиция қабылдадым. Өкінішке орай, біз екінші голды соға алмадық.