Бүгін Т.С. Сегізбаев атындағы Академияда ішкі мотивациялық бағдарламаның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлық табысталды.
Жыл басынан бері бұл бағдарламаға Академияның барлық тәрбиеленушісі қатысты. Ұпайлар спорттағы нәтижелер, оқу үлгерімі және тәртіп сияқты үш санат бойынша есептелді.
Үшінші орынды (2009 жылғы) Алихан Рамазанов иеленді. Ол «Қайрат» ФК ресми дүкенінен тауар сатып алуға арналған сертификатқа ие болды.
Екінші орын (2009 жылғы) Мади Мукашевқа бұйырды. Ол түпнұсқа футбол бутсымен марапатталды.
Жеңімпаз (2010 жылғы) Абдрахман Сарбасов атанды. Ол УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчына негізгі командамен бірге сапар шегу мүмкіндігіне ие болды.
Бағдарлама жаттығу процесіне және білім алуға деген кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған.