Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алуға байланысты өткізілетін барлық жарыстардың тоқтатылғаны туралы хабарлады.
Барлық ойындар 15 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұл шаралар қауіпсіздік тұрғысынан қабылданып отыр. Адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуына жол бермеу–бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдай аясындағы басты басымдықтар.
Осылайша,«сары-қаралар» жоспарланған үш матчты ойнамайды. Естеріңізге сала кетейік, 21 наурыз және 12 сәуірде «Жетісу» мен «Тобылға» қарсы өз алаңымыздағы матчтар, ал 4 сәуірде «Каспийге» қарсы сырт алаңдағы ойын жоспарланған болатын. Қазақстандық футболдағы үзіліс 15 сәуірге дейін жалғасады. Жаңа матч күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.