«Ертістің» бас бапкері Ойрат Садуов «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.
- Бүгін «Қайраттың» ойыны сәтті болды. Олар бірінші таймда үш гол соқты. Үш әдемі шабуыл жасалды, өкінішке қарай, олар сол мүмкіндіктерді пайдалана алды. Артынша ойын тағдыры шешілді, матч тыныш қарқынмен өтті. Біздің командамыз екінші таймда қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге тырысты, бірақ ештеңе шықпады – тағы бір гол жіберіп алдық. Егер команда күшейетін болса – ойынымыз өзгереді.
- Команда Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне дайын ба?
- Бірінші айналымда команда жиналады деп үміттенемі. Құрамда күшейтетін болсақ, екінші айналымда бүгінге қарағанда жақсырақ ойнаймыз деп ойлаймын.