«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қостанайдағы керемет камбэк
Қайрат

Қостанайдағы керемет камбэк

21 июля 2019
/ 11:00

«Тобыл» – «Қайрат» 3:5

Голдар: Артурас Жулпа (14'), Максим Федин (31'), Еркебұлан Сейдахмет (45+1'), Мартон Эппель (74', 79'), Адеринсола Эсеола (82'), Сенин Себаи (83'), Бауыржан Исламхан (86').

«Тобыл»: Эмиль Балаев (Қ) - Руслан Валиуллин, Виктор Дмитренко, Фернандер Кассай, Витаутас Андрюшкявичюс, Дмитрий Мирошниченко - Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Ника Квеквескири - Азат Нургалиев (К), Максим Федин.

Қосалқы құрамЖасур Нарзикулов (Қ) - Никита Бочаров, Султан Абилгазы, Данияр Семченков – Самат Жарынбетов, Михаил Гордейчук - Бауыржан Турысбек, Сенин Себаи, Артем Шерстов.

 «Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Еркебұлан Тұнғышбаев - Исламбек Қуат, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Сейдахмет - Мартон Эппель.

Қосалқы құрам:  Владимир Плотников (Қ) - Сергей Кейлер, Нұралы Әліп - Небойша Косович, Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов, Конрад Вржещиньский - Адеринсола Эсеола.

 «Тобылмен» кездесудің басы қатты желден басталды. Желдің  серпіні күшті болғандығы сонша, бұл доптың траекториясын жиі өзгертіп, ойыншылардың жиі қателік жасауына түрткі болды. Бірінші қауіпті сәт тоғызыншы минутта болды. Алматылықтар екі рет қатарынан бұрыштама берді. Екінші бұрыштама  Ғафуржан Сүйімбаевтың алыстан бағыттаған күшті соққысымен аяқталды. Доп бағананың жанынан өтті. Қостанайлықтар  бастапқы қарқынды қайтарып, бірінші голға қол жеткізді.Айып алаңындағы жекпе-жектен кейін, Артурас Жулпаның қақпаға бағыттаған  добы бағанаға тиіп, доп  қақпа сыртына  шығып кетті. Жетістіктен шабыттанған қожайындар шабуылға жүгіре жөнелді, бірақ алматылықтар қарсыластардың шабуылдарына төтеп беріп, тез арада бастаманы өз қолдарына алды. Шабуыл жасаймын деп жүргенде, «сары-қаралар» қожайындардан екінші голды жіберіп алады. 32-минутта Максим Федин  Стас Покатиловтың қателігін пайдаланып, есепті 2:0 жеткізді.

Алексей Шпилевскийдің ойыншылары мойынсымай, қарсыластың қорғаныстағы әлсіз тұстарын іздей бастады. Үзіліс алдындағы Еркебұлан Сейдахметтің голы өте маңызды рөл атқарды. Бірінші таймның қосымша уақытында, Бауыржан Исламханның берген добына баспен құлай гол салды. Бұл Еркоштың керемет соғылған дебютті голы.

 Үзілістен соң «сары-қаралар» шабуылды жалғастырды. Бұған екінші таймда жауа бастаған қатты жауын да кедергі  келтірмеді. Адеринсолы Эсеолының алаңға шығуы ойынның маңызды сәтіне айналды. Шабуылшы алаңға шыға сала, бірден  Эппель Мартонға голдық пас берді. Қапталдағы шабуылшы Мартон төрт минуттан кейін өзінің тоғызыншы голын соғып, дубль жасады. Шабуылшы биікке секіруден қарсыласты жеңіп, допты торға дәлдеді. Қирай бастаған қожайындарды Дерин Эсеола өзінің голымен тығырыққа тіреді.

«Орталықтағы» керемет матчтың соңында  тағы да екі гол орын алды. Ең алдымен Сенин Себаи жақын ара-қашықтықтан біздің қақпаға доп соғып, ойынның нүктесін Бауыржан Исламхан қойды. Ойынға керемет араласқан Эсеола айып алаңына енген кезде,  Витаутас Андрюшкявичюс ойыншыны сұлатады. Қорғаушы бірден қызыл қағаз алады. Әдеттегідей пенальтиді сенімді түрде, Бауыржан Исламхан орындады. «Сары-қаралар» есепті 3:5 жеткізіп, өткен ойындардағы өкінішті жеңілістерден кейін «Тобылдан» әдемі реванш алды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»