Шымкентте ұпай алу мүмкіндігі болмады. «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасыдан» жеңілді.
«Ордабасы» - «Қайрат» - 2:0
Голдар: Молдақараев, 37, Досмағамбетов, 90+5
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ) - Самат Шәмші (88, Жақсыбаев), Темірлан Ерланов (К), Мирзад Механович, Пабло Фонтанелло, Тимур Досмағамбетов, Никита Бочаров, Кирилл Ковальчук, Хелтон-Джон Дос Рейс, Еркебұлан Тұңғышбаев (24, Молдақараев), Неманья Коич (62, Муженяк).
Резерв: Жасур Нәрзіқұлов (Қ) - Дамир Даутов, Абдуллай Диакате, Талғат Адырбеков, Қайрат Әшірбеков, Ұлар Жақсыбаев, Сергей Хижниченко.
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев - Хуан Фелипе (62, Аршавин), Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (54, Исламхан) - Иво Иличевич, Исаэль Барбоза (К), Адеринсола Эсеола (69, Эппель)
Резерв: Давид Лория (Қ), Владимир Плотников (Қ) - Александр Соколенко, Нұралы Әліп - Исламбек Қуат, Акош Элек.
Премьер-лиганың 29-турында Шымкентте «Ордабасы» мен «Қайрат» командалары кездесті. Еліміздің оңтүстігінде өткен соңғы ойын алаң иелерінің пайдасына жазылған еді, сондықтан бүгін алматылық ұжым реванш алуға тырысқан.
Алғашқы он минутта шабуылдар болған жоқ, командалар сақ ойнады. Артынша, «Ордабасыда» екі бердей мүмкіндік болған, екі сәтте де қиыс кетті.
37-минутта алаң иелері жылдам қарымта шабуыл жасап, есеп ашты – Тұңғышбаевтың орнына шыққан Молдақараев өз командасын 1:0 есебімен алға шығарды. Командалар үзіліске дейін есепті өзгерте алмады.
Екінші тайм белсендірек өтті. Иво Иличевич пен Аденинсола Эсеола жүз пайыздық мүмкіндік жасады: біріншісінің соққысы бағанаға дәл тисе, кері серпілген «допты» қайраттық шабуылшы да қақпа бағасына тигізді.
«Ордабасыда» да екі қауіпті сәт болды: Сүйінбаев ойын тәртібін бұзған соң шымкенттіктер «Қайраттың» айып алаңына пас асырды, доп қақпаға еніп кеткен, алайда қапталдағы төреші жалаушасын көтерді.
Содан кейін Покатилов қақпасына жасалған екінші шабуыл голмен аяқталуы мүмкін еді, бірақ Қызылбаев алматылық қақпашыға қарсы ойын тәртібі бұзылғанын көрсетті.
Оған жауап ретінде келесі шабуылшы Иво Иличевич қараусыз қалған Аршавинге пас берген – Андрей оңтайлы тұстан допты биік тепті.