«Қайрат» жастар құрамының қорғаушысы Никита Ярков Көкшетаудағы ойын туралы айтып, Екінші лига чемпионаты аяқталған соң өз әсерімен бөлісті.
- Маусымның соңындағы өкінішті жеңіліс, 2:1 – біз күткен және ойнаған нәтиже емес. Жалпы, ойынның бірінші жартысында қарсыластан толық басым болдық, гол соқтық. Өкінішке қарай, жасаған мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Екінші таймда жел қарсы ойнадық, ол, менің ойымша, команданың ойынына қатты әсер етті.
Осы маусым үшін клубқа, команда мен бапкерлік штабқа алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, ойынға келіп, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын.
Бізде өте жақсы чемпионат болды деп айтар едім. Әрқайсысымыз да осы жылы тәжірибе жинадық деп ойлаймын.