«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Нұралы Әліп — Қазақстан кубогының финалы жайында
Біз туралы БАҚ

Нұралы Әліп — Қазақстан кубогының финалы жайында

21 ноября 2018
/ 00:00

Кейде жас футболшыларға артылған сенім оларға қанат бітіріп, ғажайып болып жатады. Солардың бірі – әр ойын сайын жақсы қырынан танылып жүрген «Қайрат» қорғаушысы Нұралы Әліп. Жас футболшыға тек алматылық клуб емес, еліміздің ұлттық құрамасы да үлкен сенім артады.

18 жасар ойыншы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына алдағы финалдан не күтетінін айтты.

- Финал жолына баға беріп өтсеңіз?

- Әрине, оңай болған жоқ. «Қайраттың» биылғы маусымда Кубок ойындарын қазақстандық футболшылармен ойнап жатқанын барлығы біледі. Жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Финалға дейін сүрінбей жеттік. Ең маңызды ойын күтіп тұр. Жас футболшылардан құралғанына қарамастан, мықты команда екенімізді дәледеуіміз қажет.

- Қай ойын есте қалды?

- Шымкентте өткен ойын. «Ордабасымен» ойнадық. Есеп ашып, ойынның соңына дейін күрестік. Барлық күшімізді сарқуға тура келді. Кездесу қорытындысы бойынша келесі айналымға өттік.

- Қарсылас туралы ойыңыз?

- Финалда әлсіз қарсылас болмайды. «Атырау» шешуші сынға дейін жетті. Яғни, қарсыластың мықты екенін мойындау керек. Маусымда бірнеше рет кездестік. Әр ойынның қиынға түскені анық.

- «Қайрат» финалда ненің арқасында табысқа жете алады?

- Қиын кездесу болмақ. «Қайрат» екінші жыл қатарынан финалда «Атыраумен» жолыққалы тұрғанын білемін. Өткен маусымда матч оңай болған жоқ. Меніңше, қолымыздан көп нәрсе келеді, Қазақстан кубогын командалық әрекеттер мен бірліктің арқасында жеңіп алуға күшіміз жетеді деп санаймын.

- 18 жасыңызда еліміздің бас құрамасында ойнап үлгердіңіз... Бұл жетістік құпиясы неде?

- Бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын. Команданың жаттықтырушыларына алғыс айтамын. Негізгі құрамға тартып, кәсіби өсуімен жол ашты. Ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»