«Ертіс» командасының бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайратқа» қарсы ойын жайлы өзінің ойымен бөлісті.
- Мұндай жеңілістен кейін сөз сөйлеу қиын. Біз есе жібердік 0:2. Біз өз өзімізге қауіпті сәттерді туғыздық. Біздің қақпамыздың алдында 3-4 қауіаті сәттер болды. Бірінші голда біз допты жоғалтып, қарсыласқа допты қапталға лақтыруға мүмкіндік беріп, шабуылдаушы ойыншы бізден бұрын әрекет етті. Осылай жіберіп алдық. Екінші жартысында біз бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер жасап, «Қайратқа да» біздің қақпамызға қауіпті сәттуғызуға мүмкіндік бердік. Эсеола қақпашымен бірге-бір шығып, кейін қарсылас екінші голын соққан бұрыштама болды. Бұл бұрыштама да допты жоғалтқаннан болды. Жақсы әрекет етіп, гол соғатын сәттер де жасадық. 0:2 есеппен де біз ойынауды тоқтатпадық. Қонақтарды қақпашының керемет сейві мен доптың қақпаның маңдайшасына тигені құтқарды. Біздің әрекеттерімізде қарбалас көп болды. Доппен көп ойнадық, шабуылдадық. Нәтижесінде екінші тайм бойы өз жартысында ойнаған «Қайрат» жеңіске жетті. Бізді ойлағанымызды іске асыра алмағандығымыз құртты. Ары қарай жұмыс жасау қажет. Таблицаның төмен жағында орналасқан командалардан ұпай алуға тырысамыз.