Бүгін аты аңызға айналған «Қайраттың» қақпашысы Құралбек Ордабаев өзінің жетпіске толғанын атап өтуде.
Құралбек Досжанович футболист ретінде 12 жыл бойы «Қайраттың» түстерін қорғаған. Оның «сары-қаралардың» қақпасындағы сенімді ойыны оған үлкен танымалдық әкелді. Нәтижесінде аты аңызға айналған ардагер XX ғасырдың ең үздік қақпашысы болып танылды.
Зейнетке шыққаннан кейін Құралбек Ордабаев футболды тастап кеткен жоқ, қайта алматылық «Қайратта» жолын жалғастырды. Ол команданың жетекшісі болды, кейін клубтың игілігі үшін президент қызметінде еңбек етті. Сонымен қатар ол ҚР футбол Ассоциациясында басшылық қызметтер атқарды.
Қазіргі таңда Құралбек Досжанович «Қайратта» бұқаралық футболды дамыту бөлімінде бас менеджер болып және де алматылық команданың ардагерлер қозғалысының басшысы қызметінде сәтті еңбек етуде.
Біздің «сары-қаралардың» үлкен отбасы Құралбек Досжановичке шын жүректен мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жұмыста табыс және де «Қайратпен» бірге үлкен жеңіске жетуді тілейді! Мерейтойыңызбен!