Бүгін 22 ақпан күні «Қайрат» футбол клубының және жалпы қазақ футболының аңызы Роберт Овакимович Анторян 80-жас толып отыр.
Роберт Овакимович Тбилиси қаласында туып өскен, бірақ 1958 жылы 16 жасында әкесімен бірге Қостанай қаласына қоныс аударған.
Бір жылдан кейін Алматы қаласына көшіп келген, Анторянның футболшы ретінде мансабыда осы қалада басталды.
«Қайрат» сапындағы дебюттік ойыны 1960 жылы киевтік «Динамо» командасына қарсы болды.
1961 жылғы маусымда Роберт Овакимович негізгі құрам ойыншысы ретінде бекітілді.
1963 жылы Анторян алматылық АДК сапына ауысты. Кәсіби мансабында «Арарат» (Ереван), «Динамо» (Целиноград), «Шахтёр» (Қарағанды), «Цементник» (Семей), «Восток» (Өскемен), «Алатау» (Жамбыл) сынды клубтар сапында өнер көрсеткен.
Ойыншы ретінде мансабын аяқтағаннан кейін, бапкер және төреші ретінде жұмыс істеген.
«Қайрат» футбол клубы Роберт Овакимовичті шын жүректен туған күнімен құттықтайды! Өміріңізде жарқын сәттерге толы болсын, жүзіңізден күлкі кетпесін. Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болуын тілейміз!