Бүгін, 26 ақпанда, «Қайрат» футбол клубының ардагері Сұлтан Мұрашұлы Әбенов өзінің 70-ші туған күнін атап өтуде.
Қызылорданың тумасы шабуылшы позициясында ойнаған. Ол өзінің футбол мансабын 1969 жылы жергілікті «Автомобилист» клубында бастаған. Кейін 1974 жылы «Орбитаға» ауысты.
Сұлтан Мұрашұлы «Қайрат» футбол клубында 1976-1979 жылдары ойнаған.
Ойын мансабын аяқтағаннан кейін бүгінгі туған күн иесі «Қайрат» командасының бастығы болып жұмыс істеді, дипломатиялық қызметте болды, ҚР ҰҚК аппаратын басқарды, Президент әкімшілігінде еңбек етті. ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі және Парламент Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары болды.
«Қайрат» футбол клубы Сұлтан Мурашұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Зор денсаулық және ұзақ өмір тілейді.