«Қайрат» футбол клубы түрлі адамдарды біріктіреді – ең кішкентай жанкүйерлерден көпжылдық тәжірибесі бар жанкүйерлерге дейін.
Біз «Мен – «Қайраттың» жанкүйерімін» жарияланымның жаңа сериясын ашамыз, мұнда бір идеямен басы біріккен адамдар туралы айтамыз, бірақ әрқайсысының өз оқиғалары бар.
Айдарымыздың алғашқы кейіпкері «Қайраттың» жас жанкүйері Әлішер Аманбаев болды. 17 наурызда «Атырауға» қарсы матч күні Әлішер 13 жасқа толған. Әлішердің «Қайратпен» бірге тарихы 2015 жылы басталды, алматылық клуб сол кезде франциялық «Бордомен» кездескен болатын. Кейіпкеріміздің айтуынша, ол «Қайраттың» бір күні Еуропадағы топ-клубтар деңгейінде ойнайтынына сенімді. Болашақта Әлішер халықаралық комментатор болуды армандайды.
«Қайрат» футбол клубы туған күн иесін матчқа шақырып, жас қайраттықты туған күнімен құттықтады.