SofaScore сараптамалық порталы Еуро-2020 іріктеу турнирінің төртінші турындағы аптаның символикалық командасын құрды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Оған Қазақстан құрамасының екі футболшысы кірді: ең жоғары (10) ұпай жинаған капитан Бауыржан Исламхан және қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев (9,2). Өткен турда екі футболшы да Сан-Мариноны (4:0) талқандауға қатысып, бір-бір голдан соғып, бір-бірден асист жасады.
Апта командасында Исламхан әлем чемпионы
франциялық Килиан Мбаппе (9,1), германиялық Марко Ройс (9,2), словакиялық Марек
Гамшик (9,1), словениялық Йосип Иличич (9,6) және испаниялық Серхио Рамостан
(8,4) асып түсіп, ең мықты ойыншы атанды.
Ойыншылар рейтингісінде Исламхан (8.50) бесінші
орында, мұнда да ол Денис Черышев (Ресей, 8.40), Антуан Гризманн (Франция,
8.33), Кевин де Брюйне (Бельгия, 8.25), Марко Верратти (Италия, 8.23), Кристиан
Эриксен (Дания, 8.07) және тағы да басқа атақты ойыншылардан асып түсті.
Айта кетейік, Қазақстан төрт тур қорытындысы
бойынша өз тобында алты ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында Бельгия
(12), одан кейін - Ресей (9).
Түпнұсқасы: Vesti.kz
Фото: kff.kz