«Қайрат А» ақтаулық қонақтарға жол берді.
Александр Шатских шәкірттері Қазақстан Бірінші лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчта «Каспийге» есе жіберді. Матч есебін Павел Кривенцев ашқан, кейін «Қайрат А» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Акмаль Бақтияров есепті еселеді.
Ойынның екінші жартысында қонақтардың ойыншысы Ерлан Қадірбаев есеп айырмасын қысқартты. Бұл голмен шабыттанған ақтаулықтар Олег Грубов қақпасына екінші голын соға алды – Алмас Қызылтаев көзге түскен. 75-минутта Қуандық Нұрсұлтанов өз командасын алға шығарды – 2:3.
«Қайрат А» (Алматы) - «Каспий» (Ақтау) - 2:3
Голдар: Кривенцев, Бахтияров – Қадірбаев, Қызылтаев, Нұрсұлтанов