«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Мартон Эппель: «Мен бетіме соққы алып, онымен қоймай сары қағаз алдым»
Қайрат

Мартон Эппель: «Мен бетіме соққы алып, онымен қоймай сары қағаз алдым»

01 августа 2019
/ 11:00

.«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель «Орталықтағы» матчтың ең оғаш эпизоды жайлы.

- Мартон, сен сары қағаз алған эпизодта не болды?

- Түсініксіз бірдеңе. «Хапоэль» ойыншысы маған секіріп, мені ұрды. Мен оны итеріп, ал ол боса, мен ойын ережесін бұзғандай қалып танытты. Мен төрешіге түсіндіргім келгенде, ол мені тыңдамады. Онымен қоймай сары қағаз көрсетті.Төреші ол жерден алыста болғаны түсінікті, бірақ оның көмекшісі бар ғой, көмек беретін. Мен бетіме соққы алып, онымен қоймай сары қағаз алғаныма таңым бар. Бүгін төрешілік жәймен айтқанда оғаш болды. Ойлайм, оны барлығы байқайды.

- Қақпашыны тығырыққа тірей жаздаған жойқын соққыны еске алайық...

- Мен Оразовтан допты алып, кері айналғанда, мені жауып тұрған ойыншының позициясын «жоғалтқанын» көрдім. Сол кезде  айналып, жылдамдықты қосып, қақпаға доп соқтым. Отыз метірден. Қақпашының менің соққыма тойтарыс бере алғаны өкінішті. Мен гол соққанымда жақсы болар еді. Айта кететіні, қақпашы бірнеше эпизодтарда ғажап әрекет етті.

 - Осындай психологиялық тұрғыдан шаршататын ойыннан кейін, сырттағы «Ертіске» қарсы матча ұшу қаншалықты қиын?

 - Ия, бұл өте қиын. Бірақ, бұл футбол. Бұл өзіңді екі күннен кейін көрсетуге мүмкіндік. Көбісі көбірек ойнағысы келеді. Мен осындай футболисттердің қатарынанмын. Павлодарда жеңіске жеткіміз келеді!

Сурет: Александр Ковпак

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»