Алматылық «Қайраттың» венгриялық шабуылшысы Мартон Эппель қазақстандық клубтардың 2018/19 маусымдағы үздік сұрмергені атанды.
Форвардтың еншісінде алты гол бар – бұл еліміздегі ең үздік нәтиже.
Екінші орынды үш ойыншы бөлісіп тұр: Бауыржан Исламхан мен Адеринсола Эсеола, сондай-ақ, «Астана» футболшысы Педро Энрике 3 голдан соқты.
Дереккөз: Kazfootball.kz