«Қайрат» жастар командасының үздік сұрмергені Марлен Айманов «Ақжайықта» ойнайтын құрдастарының қақпасына екі гол соқты. Ойыннан кейін шабуылшы клуб ресми сайтының сұрақтарына жауап берді.
- Матч қызықты өтті. Біз футбол ойнауға тырыстық, бірақ футбол жеткіліксіз болды. Бізге шыдамдылық жетіспеді, соған қарамастан, біз көптеген мүмкіндіктер жасап, жеті гол соқтық. Әрине, өз қақпамызға гол жібермеуге тырысқан едік, бірақ өкінішті 4 доп өткізіп алдық. Алға қарай жылжып, жақсара түсеміз.
- Командалар жалпы алғанда 11 гол соқты: осынша доптың соғылуы неге байланысты деп ойлайсың?
- Бұл жеңіске жетуге деген ұмтылыс деп ойлаймын. Кімнің жігері көп болса, сол жеңіске жетті.